Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының бастығы ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов сәрсенбі, тамыздың 18-і күні облыстық жер қатынастары басқармасында өткізген жұмыс кездесуі барысында ұжымға жаңа бастықты таныстырды, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Бұрын Абай ауданының әкімі қызметін атқарған Тұрар Ахметұлы Алтынбеков облыстық жер қатынастары басқармасының жаңа бастығы болып тағайындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрынғы басшы Оралды Тұрсынұлы Төреғожин зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан кету туралы өтінішін білдірген. С.Ахметов оған көпжылдық адал еңбегі үшін алғысын айтып, облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Т.Алтынбеков 1951 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1974 жылы Қарағанды кооператив институтын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. Жаңа тағайындалуына дейін Абай ауданының әкімі болған.

Соңғы жаңалықтар