Қарағанды облысына өнеркәсіп әлеуетті өсіру қажет - Қ.Келімбетов

Индустриялық-экономикалық даму - бірінші кезектегі міндет, деп атап өтті вице-премьер.
«Қарағанды облысы елдің негізгі өнеркәсіп орталықтарының бірі болып табылады. Ел бойынша жағдай сіздердің осындағы істеріңіздің атқарылып жатқанына тәуелді. Тұтас алғанда республика сияқты, аймақ алдында да 2015 жылға дейін экономиканың 7 пайыздық өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр», - деді Қ.Келімбетов облыс активінің Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жыл сайынғы Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру мәселелерін талқылаған отырысында.
Индустрияландыру картасының аясында облыста 2010-2011 жылдары жалпы сомасы 66 млрд. теңгені құраған 33 инвестициялық жоба іске қосылды, деп еске салды вице-премьер. «Қарағанды облысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша көшбасшы болып табылады. Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша бағасы 32 млрд. теңгені құраған 100 өтінім мақұлданды. Аталған амалдардың қорытындысы бойынша 2000 жұмыс орны құрылды. Бұл қарқынды бәсеңдетпеу керек. Облыстың өнеркәсіп әлеуетін әрі қарай өсіру қажет», - деп атап өтті Қ.Келімбетов.
Вице-премьердің Қарағанды облысына Жолдауда алға қойылған міндеттерді іске асыру барысымен танысу мақсатында барды. Қ.Келімбетов Қарағанды мен Теміртауда болып, мұндағы әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың қызметімен танысып өтті.