Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім суға шомылу кезінде жасанды су тоғанына батып кетті

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Таяуда Астана қаласында «Промышленный» тұрғын үй кешені маңындағы карьерге шомылған 24 жастағы жігіт суға батып кетті.
None
None

Оның мәйітін судан жергілікті тұрғындар алып шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Қарағанды облысының Ақбастау ауылында жасанды тоғанға шомылған 13 жастағы жасөспірім ажал құшты. Оның мүрдесі 4 сағаттан кейін ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 5 маманы мен бір техникасының күшімен шығарылды.

Кеше Қостанай қаласында жасанды тоғанға шомылу кезінде 57 жастағы ер адам суға кетті. Оның денесін судан шығаруға ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен бір технкикасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар