Қарағанды облысында 24 жастағы кенші қаза болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жезқазғантүсмет» бірлестігінің Оңтүстік Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Алдын ала мәліметтер бойынша, кенші электр тогының соғуы салдарынан мерт болды», - деп хабарлады «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінен.

24 жастағы жұмысшының қаза болу себебін құрамына еңбек департаментінің өкілдері енген арнайы комиссия анықтауда.  

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан азаматтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум