10:15, 26 Қазан 2015 | GMT +5
Қарағанды облысында 9 жасар баланы өлтірген ауыл тұрғыны қамалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданының Ағадыр кентінде 9 жасар ұл баланы өлтірген 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.
«Қарағанды облысы ІІД криминалдық полиция басқармасы мен Шет ауданы ІІБ қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Шет ауданы Ағадыр кентінің 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған жігіт 24 қазанда 9 жасар ұл баланы өлтіруіне араларындағы бас араздық себеп болғанын айтқан», - делінген хабарламада.
Ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, сот алды тергеу жүргізілуде.