11:41, 02 Қазан 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында ардагерлер үйлерін жөндеуге «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 800 миллион теңге бөлінді
ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында биыл пансионаттар мен ардагерлер үйлерін жөндеуге 800 миллион теңге бөлінді және қазіргі таңда барлық дерлік жұмыстар аяқталып қалды.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Ахметов кеше, Қарттар күні Қарағандыдағы Тихонов үйінде болған кезінде мәлім етті.
«Біз сіздерге борыштармыз, сондықтан да сіздерге қамқорлық жасау - біздің парызымыз»,- деді аймақ әкімі қарияларға арнаған сөзінде. Әкім ардагерлер үйіне плазмалық теледидар тарту етті.
Тихонов ардагерлер үйі жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер уақытша тұратын пансионат ретінде жұмыс істейді. Мұнда бір жылда 600-дей адам демалып, денсаулықтарын түзей алады. Мұнда қариялардың демалуларына және сауығуларына барлық жағдай жасалған.