Қарағанды облысында Астанадан ұрланған көлік апатқа ұшырады, бес адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Нұра ауданында жол-көлік оқиғасының салдарынан Астанадан ұрланған «Ауди-100 С4» көлігі жанып кетіп, оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Департаменттің ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы өткен жұма күні кешке Теміртау қаласы бағытында Киевка селосынан 20 шақырымдай жерде орын алған.

«Бұған дейін Астанадан ұрланған «Ауди-100 С4» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі көлікті аударып алып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Апат салдарынан көлік түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда, машинада болған қалған бес адам жалын шықпай тұрып, сыртқа шығып үлгерген. Олар: 26 жастағы ер азамат, 14 жастағы екі қыз бала, 10 жастағы бір ұл мен бір қыз бала - Нұра аудандық ауруханасына жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар