11:23, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында ауа райына байланысты бірқатар бағыттағы көлік қозғалыстары жабылды,

деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Атап айтқанда, «Қарағанды-Балқаш» және «Атасу-Жезқазған» жолдарының учаскелері көліктің барлық түрі үшін жабылса, «Қарағанды-Астана» жолы - жолаушылар көліктері үшін жабылды.
«Қазгидромет» орталығының мәліметі бойынша, желтоқсанның 22-23-і күндері Қарағанды облысының аумағында қар жауады, боран болады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 20 метр/секундқа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 25-30 градусты, күндіз -15-20 градусты шамалайды.