Қарағанды облысында Ауыл жастарының VII облыстық форумы өтуде

Форумға облыстың барлық аудандарынан жастар өкілдері, жастардың қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, кәсіпкерлер, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары жиналып отыр.
«Бүгінгі шараның басты мақсаты - жастар саясатының аймақтық бағдарламасын ауылдарда жүзеге асыру, жастардың өзекті проблемаларын шешудің жолдарын талқылау және жастар жетекшілерінің жұмыс тәжірибелерімен алмасу болып табылады. Форум аясында сондай-ақ, шеберлік сағаттары, шығармашылық конкурстар және ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған. Атап айтқанда, «Біз белсенді жастар - болашаққа жол бастар» ұрандар конкурсы, «Ауылым -алтын бесігім» шығармашылық конкурсы, «Қара жорға» ұлттық биін үйрету сабақтары, т.б. шаралар жоспарланған.
Екі күнге созылатын жастар форумын облыстық ішкі саясат басқармасы, Абай ауданының әкімдігі, «Нұр Отанның» Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.