13:39, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында ауылдық округтың бұрынғы әкіміне жемқорлық қылмысы үшін 3 млн. теңге айып салынды
ҚАРАҒАНДЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округының бұрынғы әкімі жемқорлық қылмысы үшін сотталды.
Қарағанды облыстық сотының баспасз қызметі хабарлағандай, Сарыөзек ауылдық округының бұрынғы әкімі О.Асқарбаев Осакаров аудандық сотының үкімімен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды (ҚР ҚК 307-бабы 3 тарауы) деп айыпталып, оған 2000 ең төменгі есеп көрсеткіші көлемінде айып төлеу жазасы қолданылды. «Ол мемлекетке 3 млн. теңгеден астам қаржы төлеуі керек», - деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.