Қарағанды облысында автомобиль жолдарының су тасқыны астында қалу қаупіне тосқауыл қойылды

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында өткен демалыс күндері Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарындағы екі автомобиль жолдарының тасқын су астында қалу қаупі жойылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
None
None

Аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарақаралы ауданында тасқын су төбешіктерден төмен Матақ ауылына қарай жайылып, Қарағанды - Қарқаралы автомобиль жолынан асып төгілу қаупі төнген. Бұқар жырау ауданында Березняки мен Тасауыл елді мекендері арасындағы 20 метрлік жол аумағына тасқын су жайылған.

Төтенше жағдайды болдырмау үшін шұғыл түрде шаралар қабылданды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар