Қарағанды облысында аймақтық еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы әзірленді

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысында өзіне жеті бағытты қамтитын аймақтық еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы әзірленді.
None
None
Бұл жөнінде бүгін облыс әкімі Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Дағдарыстан ? дамуға» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау бойынша активпен болған кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бірінші бағыт ? тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін, оның ішінде коммуналдық меншіктегі сумен, жылумен, электрмен қамтамасыз етуді және кәріздерді қайта құру мен дамыту. «Бұл коммуналдық желілердің жалпы тозуына байланысты болып отыр. Олар облыстың жекелеген аймақтарында бүгінгі күні 70 пайызға жуықты құрайды. Солай болғанымен, Мемлекет басшысының атап айтқанындай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын дамытуға арналған бюджеттік қаражатты көздестірудің уақыты жетті», ? деді Н.Нығматулин. Облыс әкімінің хабарлағанындай, биылғы жылы облыстың 42 елді мекенінде ауыз сумен жабдықтау нысандарының құрылыстарын салуға, жылумен және электрмен қамтамасыз ету нысандарын дамыту мен жөндеуге 7 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалады және осы жұмыстарға 2,5 мың адам тартылатын болады. Осы мақсаттарға арналып қосымша қаражаттардың бөлінуіне байланысты аймақ әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне қараусыз қалған нысандарды коммуналдық меншікке қосу үшін оларды паспорттау жүргізуді тапсырды.Екінші бағыт ? мектептерді, ауруханаларды және басқа да нысандарды жөндеу және жылыту. «Біздер үшін бұл барынша көкейкесті. Мысалы, облыстағы қолда бар 863 білім беру мекемесінің 131-і жөндеуді қажет етеді, ? деді облыс әкімі. ? Биылғы жылы 596 млн. теңгеге 59 білім беру нысанын жөндеу көзделіп отыр. Бұл 885 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қосымша қаражат іздестірудің мүмкіндігі бар, нәтижесінде біздер тағы 72 нысанның жөндеу жұмыстарын аяқтай аламыз, оған 1 185 адам тартылатын болады». Басқа бағыттар да Мемлекет басшысының Жолдауындағы белгіленген міндеттерге сәйкес келеді. Бұлар ? әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейту, қалалардағы, кенттердегі және ауылдық округтардағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең жоғары шегін арттыру, кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру. Осы бағыттардың барлығы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Соңғы жаңалықтар