11:47, 26 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жолдарды ашу туралы шешім таңғы 8-де қабылданды. Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекованың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жолдардағы ескерту белгілері алынып жатыр.
Қарағанды облысының аумағынан өтетін облыстық және республикалық маңызды күре жолдардағы қозғалыстар қайта жанданды.
Дегенмен құтқарушылар сақадай сай тұр. «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, 26 желтоқсанда Қарағанды облысында боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, көктайғақ болады.
Еске сала кетсек , 24 желтоқсанда Қарағанды облысындағы барлық қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімшелері және құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жолдар жабылған болатын.