Қарағанды облысында бір апта ішінде 11 адам қаза тауып, 32 адам жараланған 29 жол-көлік апаты орын алды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында бір апта ішінде, қыркүйектің 21-і мен 27-сі аралығында 11 адам қаза тауып, 34 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған 29 жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Өткен жылдың осы кезеңінде 15 адамның өмірін қиып, 32 адам жараланған 27 апат орын алған болатын, деп атап өтті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен апатада облыстың жол полицейлері 3477 жол ережесін бұзу оқиғасын тіркесе, оның ішінде 2200 оқиға жылдамдықты арттырумен, 75 оқиға жолдың қарсы бетіне шығып кетумен байланысты болған. Көлікті мас күйінде жүргізген 118 жүргізуші қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар