Қарағанды облысында «Болашақ үшін естелік» атты форум өтіп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында «Болашақ үшін естелік» атты халықаралық форум ашылды, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан.
None
None

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орайластырылған.
Форумның қатысушылары Жезқазғанда Қоғамдық келісім кеңесінің залын ашты. Бұдан басқа, Жезқазғанның тарих-археология мұражайына экскурсия өткізілді.
Форумға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, ғалымдар, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты. Жезқазғандағы шаралардан кейін форумның алаңы Ұлытау ауданына көшті. Ұлытаудың «Таңбалы тас» саябағында қатысушылар «Мәңгілік Ел» патриоттық актінің қабылдануына арналған естелік саяжолында ағаштар екті.

Соңғы жаңалықтар