23:51, 12 Қазан 2016 | GMT +5
Қарағанды облысында браконьерлерден құр мен арқар еті табылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында заңсыз аң аулаған Балқаштың 5 тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-нің баспасөз қызетіне сілтеме жасап.
«Аң шаруашылығы өнеркәсібі» ӨБ» РМҚК қызметкерлері мен табиғатты қорғау полициясының өкілдері өсімдік және жануарлар әлемін қорғау бағытында жүргізген рейд шараларының барысында Ақтоғай ауданына қарасты Сарытерек ауылдық округінің Кенелі қыстағы маңында балқаштық 5 азамат заңсыз аң аулағандары үшін ұсталды. Олардан 47 құр еті мен шамалап алғанда арқардың еті, мылтық пен ұсталғандардың аңшылық үшін пайдаланған көліктері алынды»,-делінген хабарламада.
Ұсталған азаматтардың рұқсат беру қағаздары жоқ болып шықты.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337 бабы негізінде тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптау жұмыстары тағайындалды»,-деп қосты облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
