Қарағанды облысында бүгін барлық саябақтарда балаларға арналған аттракциондар тегін жұмыс істейді

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында бүгін Халықаралық балалар күніне арналған мереке өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс орталығында мерекелік басты шара С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының алдындағы алаңда өтті. «Менің балалық шағымдағы қалам ? Қарағанды» деп аталатын театрланған көрініске балалар көркемөнерпаздар ұжымдары, жас спортшылар қатысты. Балалрға сүйікті мультфильмдердің қаһармандары, сондай-ақ қазақ ертегілерінің кейіпкерлері ? Бауырсақ, Алдар Көсе және Тазша бала қонаққа келді.Облыс әкімінің атынан балаларды облыс әкімінің орынбасары Рысқали Әбдікеров құттықтады. Ол аймақ басшысының бастамасымен бүгін барлық саябақтардағы балаларға арналған аттракциондар тегін жұмыс істейтінін, сонымен қатар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек балаларға, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналып кинофильмдер көрсету ұйымдастырылғанын айтты.
Соңғы жаңалықтар