Қарағанды облысында денсаулық сақтау басқармасының бастығы ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметіне 40 жастағы Төлеген Сәдуақасов тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның жаңа жетекшісін бүгін аймақ басшысы Әбілғазы Құсайынов әкімдіктің отырысында таныстырды.

«Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып Т.Сәдуақасов тағайындалды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ол ақпаратқа сәйкес, бұған дейін бұл қызметті үш ай ғана атқарған Марат Әбеуов денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босатылды. Хабарламада атап өтілгендей, ол облыс әкімінің аппаратына ауыстырылды.

Т.Сәдуақасов 10 жылдай уақыт денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп келеді. Стационарлық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Бұл тағайындауға дейін ҚР Днесаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметін қадағалау комитеті департаментін басқарып келді.

Соңғы жаңалықтар