Қарағанды облысында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 2011 жылы 343 жас маман жұмысқа орналасты

ҚАРАҒАНДЫ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өткен жылы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша 343 жас маман жұмысқа орналастырылды.
None
None

Бұл туралы халықпен есептік кездесуінде облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

«Біздің облыста, еліміздің басқа өңірлерінде сияқты ауылды аймақтарға әлеуметтік сала мамандарын тарту және жұмысқа орналастыру бойынша «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы іске асырылуда. 2011 жылы ауылдарға 343 маман келіп, жұмысқа орналастырылды», - деді Ә. Құсайынов.

«Көтермеақыны төлеуге бюджеттен 46,2 млн. теңге бөлінді», - деп атап өтті өңір басшысы. Онымен қоса, 2010 жылдан бастап ауылға келген мамандар баспана сатып алуға бюжеттік несие ала алады.

«Ағымдағы жылы көтермеақылар мен бюджеттік несиелер беру үшін бюджетте 465 млн. теңге қарастырылды.  Бұл қолдауға 300-ге жуық маман ие бола алады», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар