Қарағанды облысында футболдан жасөспірімдер арасында жарыстар өтті

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/  - Қарағанды мен Абай қалаларында 4-8 қаңтар күндері футболдан жасөспірімдер арасында жарыстар өтті.
None
None

2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир Қарағандыдағы "Жастар" спорт кешенінде болды. "Жаңажылдық демалыс" деген атпен өткен бұл жарысқа Қарағандыдан "Шахтер", "Шахтер-2" және "Жастар", Павлодардан "Ертіс", Сараннан "СДЮШОР", Теміртаудан "ДЮСШ-Болат" командалары қатысты. Тартысты өткен бәсекеде павлодарлық аяқдопшылар жеңіске жетті. Оларға ақтық сында есе жіберген теміртаулықтар екінші орын алды. Ал үздік үштікті жарыс қожайындарының "Шахтер" командасы түйіндеді.

"Шахтер" футбол клубының медиа-офицері Қайрат Әбілдиновтың айтуынша, 1999 жылы туған жасөспрімдер арасындағы жарыс Абай қаласында өтті. "Шахтер" футбол клубы" АҚ-ның ашық қысқы турниріне 5 команда қатысты. Бірінші орынды "Гефест" командасы жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды "Шахтер-1" мен "Жастар" командалары сәйкесінше иеленді.

Соңғы жаңалықтар