Қарағанды облысында «ГАЗель» көлігі мен автобус соқтығысып қалды, оқиға салдарынан бір адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында, «Байқадам кенті - Бастау кенті» тас жолында, демалыс күні жол апаты орын алды: «ГАЗель» көлігі мен Қарағайлы-Қарағанды бағытында кетіп бара жатқан «MAN» автобусы соқтығысып қалды,
None
None

деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Жол апатының салдарынан «ГАЗель» көлігінің 45 жастағы жүргізушісі қаза тапты. «MAN» автобусының 59 жастағы жүргізушісі мен «ГАЗельдің» 48 және 47 жастағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен Бұқар жырау ауданының орталық ауруханасына түсті.

Департаменттің ақпараты бойынша, автобуста болған 17 жолаушының бәрі аман-есен, олар жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктермен Қарағандыға жеткізілді.

Өткен демалыс күні Қарағанды облысында - «Алматы-Екатеринбор» тас жолында, Балқаш қаласынан 80 шақырымдай жерде - кісі өлімімен аяқталған тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. «Мерседес-Бенц» жүк көлігі мен «Хонда-Одиссей» көлігінің соқтығысуы салдарынан 45 жастағы жолаушы әйел көз жұмды, 40 жастағы тағы бір жолаушы зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар