Қарағанды облысында Индустрияландыру картасына 5,8 млрд. теңгеге агроөнеркәсіптік кешен саласының алты жобасы енгізілді

nbsp;ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында аймақтық сектордан Индустрияландыру картасына жалпы құны 5,8 млрд. теңгенің алты жобасы енгізілді, деді облыс әкімінің орынбасары Төлеутай Рахымбеков бүгін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі кеңесте жасаған баяндамасында.
None
None

«Бұл «Green Tehnology» ЖШС-ның «Қарағанды қаласындағы 3 гектар аймақтағы жылыжай құрылысы жобасы», оның құны 1 млрд.теңгеге жуық. Құс шаруашылығы саласында жалпы құны 4,5 млрд. теңгеге жуық үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады, соның ішінде Майқұдық және К.Маркс атындағы құс фабрикалары жаңартылады, сондай-ақ «Салауатты өнімдер» ЖШС-ның жаңа бройлерлік құс фабрикасы салынады. Қарағанды маргарин зауытының жабдықтарын жаңартумен байланысты тағы екі жоба бар», деп нақтылады облыс әкімінің орынбасары.

Бұдан басқа, аймақта қаржылық қолдауды қажет ететін басқа да жобалар бар, деп атап өтті ол. Солардың бірі - Абай ауданындағы «Астра Агро» ЖШС-нің «Қарағанды облысы жағдайында вируссыз негізде биотехнологияны қолдану арқылы картоп селекциясы мен тұқым шаруашылығы» инновациялық жобасы. Сонымен қатар асыл тұқымды шаруашылықтар құру және жоғары өнімді мал өсіру жөнінде бірқатар бастамалар бар.

Соңғы жаңалықтар