21:09, 03 Қазан 2015 | GMT +5
Қарағанды облысында іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола өңірінде қолға түсті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола өңірінде қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Шортанды ауданының 45 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың 1-ші қазанында Аршалы ауданы арқылы өтетін «Екатеринбург -Алматы» тас жолының бойында полицейлердің қолына өзі түскен көрінеді. «КамАЗ» жүк көлігімен Атбасар қаласынан Шортанды кентінде бағыт алған оны көліктің жарық шамын жақпағаны үшін ІІД жол-потрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында полицейлер оны Қарағанды облысының ІІД қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін іздеп жүргенін анықтады. Осыған орай, ол аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жеткізіліп, Қарағанды облыстық ІІД-не хабар жіберілді.