23:53, 25 Маусым 2018 | GMT +5
Қарағанды облысында қарға ұқсас бұршақ жауды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Маусым айының ортасында түскен бұршақ қарағандылықтарды таңқалдырды. Бір қызығы бұршақ қарға ұқсап жауған. Бұны көрген қарағандылықтар дереу фото және бейнетүсірілімдерді желіге жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл бұршақтың бір бөлшегі ғана болатын. Біз кеше бұршақ жауады деп болжам жасағанбыз. Осыған қарай Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында қар емес бұршақ жауды»,-деді «Қазгидромет» РМК-ның Қарағанды облысындағы филиалының қызметкерлері.
Синоптиктердің болжамынша, ертең, 26 маусым күні ауа температурасы осылай болып қалады. Кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы да ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдың жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Екпіні 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түне+9-14, кей жерлерде 18 градус жылы болады. Күндіз +21-26 градус,тіпті +30 градусқа дейін баруы мүмкін.