Қарағанды облысында «Қазақмыс» корпорациясының «Анненский» руднигінде жұмысшы опат болды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің «Анненский» руднигінде бейсенбі, қыркүйектің 30-ы күні жұмысшы опат болды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, қайғылы оқиға бүгін түнде, сағат 03.20-ның шамасында орын алған. «Төбеден құлаған тау жынысының бөлшегі ПМЗШ техникасының 29 жастағы жүргізушісін қатты жарақаттап, ол оқиға орнында көз жұмған», делінген департаменттің хабарламасында.

Бұл Қарағанды облысында «Қазақмыс» корпорациясының рудниктерінде ағымдағы аптада орын алған екінші қайғылы оқиға. Бұдан бұрын хабарлағандай, дүйсенбі, қыркүйектің 27-сі күні Жезқазғандағы «Жомарт» руднигінде осындай оқиға салдарынан 26 жастағы үңгуші қаза болған еді.

Соңғы жаңалықтар