Қарағанды облысында кеденшілер Қытайдан әкелінген контрабандалық тауарлар фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

ҚАРАҒАНДЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында кеденшілер контрабандалық жолмен Қытайдан әкелінген тауарды анықтады, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Қарағанды облысы бойынша КБД контрабандамен күрес басқармасы 12 қарашада ҚР ҚК-нің 209 бабы, 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Транзиттік декларацияға сәйкес, белгісіз адамдар Қытай Халық Республикасынан Қарағанды қаласының ЖШС-не теміржол вагоны арқылы 27 мың АҚШ долларға құрылыс материалдарын тасымалдаған. Алайда КБД контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері тінту барысында әкелінген тауардың транзиттік декларацияда жазылған құжатқа сай емес екендігін анықтады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

КБД кедендік кірістер басқармасының алдын ала жасаған қорытындысына сәйкес, декларацияланбаған тауардың кедендік құны 36 млн. теңгеден асады. «Осы арқылы мемлекетке аса ірі көлемде экономикалық шығын келтірілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар