Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:
бүгін сағат 14.00-ден бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1492-1610 шақырымы, Қарағанды қ.-Ақсу Аюлы аралығында;
бүгін сағат 15.25-тен бастап "Қызылорда-Павлодар" а/ж 433-905 шақырымы, Жезқазған-Топар аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.