Қарағанды облысында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ардагерлер мен ұзақ жасаушыларды құттықтады

ҚАРАҒАНДЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шаралар өтуде, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Облыстың барлық өңірлерінде салтанатты жиындар өтті. Онымен бірге мерекелік концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен қайырымдылық акциялары өтті. Мерекеге орай ауылшаруашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылды, онда тауарлар арзан бағамен сатылды.

«Бұқар жырау ауданында барлық елді мекендерде қайырымдылық акциялары өткізілді, онда соғыс ардагерлеріне сыйлықтар берілді. Билік өкілдері ғасырдан да көп жасаған тұрғындарды құттықтады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Мереке қарсаңында ауданда қызметке жаңа тұрған 11 мемлекеттік қызметкер ант қабылдады. Аудандық мұражайда «Елбасы саясаты - жарқын болашақ кепілі» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Оған қоса Бұқар жырау ауданында ақпараттық-насихаттық топтар халықпен кездесу өткізді.

Абай ауданында Тұңғыш Президент күніне орай ардагерлерге жалпы сомасы 480 мың теңгеге сыйлықтар берілді. Аудандық Мәдениет үйінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Ән бар жерде, достық бар» мерекесі өтті.

Шахтинск қаласында мектеп оқушылар флэш-моб ұйымдастырды, олар алаңға «ЕЛБАСЫ» сөзін жазды.

«Мереке қарсаңында Шахтинск қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 15 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.

Аталмыш мерекеге орай Қарағанды облысының Шахан кентінде қыша майының өндірісі бойынша шағын зауыт ашылды. Ол Индустрияландыру картасына енген жобалардың бірі.

Билік көздерінің берген ақпаратына зер салсақ, Осакаров ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлері 15 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек алды. Ауданның оқушылары «Елбасы - Халық бірлігі - Халық болашағы!» атты патриоттық флеш-моб ұйымдастырды.

Сәтбаев қаласында жастардың «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір көшбасшы!» форумы өтті. Металлургтер қаласында мектептер аумағында 4 жаңа көпбейінді хоккей корты ашылды.

Соңғы жаңалықтар