Қарағанды облысында құрылыс фирмасының қызметкерлері арасындағы топтық төбелес салдарынан 3 адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында құрылыс фирмасының қызметкерлері арасында топтық төбелес орын алып, салдарынан 3 адам жапа шекті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«16 тамызда түнде Ұлытау ауданында ЖШС бірінің қызметкерлерінің арасында төбелес орын алды. Салдарынан үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың барлығын ұстады, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар