Қарағанды облысында құтқарушылар қырда жоғалып кеткен шопанды іздестіруде

   ҚАРАҒАНДЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Абай ауданында қырда жоғалып кеткен шопан іздестірілуде, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Ведомствоның берген ақпаратына қарағанда, 41 жастағы Ерлан Сүлейменов 12 қарашада мал іздеу үшін «Шахов» қыстағынан кетіп, сол беті оралмаған. Ер адамның туыстары «Тойота Ланд Крузер» көлігімен шығып, оны өздігінен табуға әрекеттенген. алайда олардың өздеріне көмек қажет болды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктің ішінде болған 3 ер адам құтқарушылардан көмек сұрағанымен, қайда екендерін айта алмаған. Оларды іздеуге 13 қараша күні сағат 16.00-де «КамАЗ» және «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көліктерінде облыстық ТЖД-нің жедел тобы жіберілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Сағат кешкі 21.00-де Қотыртау тауының жылғасынан көлік табылды. Оның ішінде 2 ер адам болған. «Құтқарылған ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке зәру емес»,- деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Көлікте болған үшінші ер адамның көмек сұрау үшін жаяу кеткені мәлім болды.

14 қарашада түс кезінде құтқарушылар боранда адасып, Шет ауданының Талды кентіне дейін жаяу жеткен С. Қалиевті тапты.

«Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда. құтқарушылар Е. Сүлейменовті іздестіруде. Іздестіру жұмысына 4 техника мен 14 адам жұмылдырылған. Іздестіру тобы Талды ауылынан 50 шақырым радиуста іздеу жүргізуде», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар