08:14, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада жаңа лава пайдалануға берілді
ҚАРАҒАНДЫ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Жаңа 2012 жылдың қарсаңында Қарағанды облысында «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ның көмір департаменті Ленин атындағы шахтада жаңа лава пайдалануға берілді.
Бұл туралы өндіріс мекемесі хабарлады.
Лаваның қоры шамамен 1 млн. тонна көмірді құрайды. «Лава Қарағанды қаласы көлік жасау зауытының мамандарымен дайындалып, қазіргі заманғы механикандырылған кешенмен жабдықталған», -деп атап өтті шахтаның әкімшілігі.
Мекеме осы жылдың бірінші маусымында жаңа лавадан көмірдің алғашқы тоннасын өндіруді жоспарлап отыр.