Қарағанды облысында мемлекеттік кірістер департаментіне экономикалық қылмыстар туралы 600-ден астам іс тапсырылды

«Мемлекеттік кірістер комитеті қазыналық міндеттерді атқаратын және құқық қорғау өкілеттілігіне ие азаматтық ведомство болып табылады», - деді Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Азамат Ахметов.
Ведомствоға салықтық және кедендік әкімшілік етудің бөлімшелері мен экономикалық тергеулер қызметі қарайды.
«Қаржы полициясы органдарынан Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне экономикалық қылмыстар туралы 621 қылмыстық іс тапсырылды. Олар негізінен жалған кәсіпкерлік, ұрлау, жалған ақша жасау және басқаларымен байланысты қылмыстар. Жалпы алғанда біздің тергеуде 35-ке жуық бап бар», - деп хабарлады департамент жетекшісі.
Оның сөзіне қарағанда, экономикалық тергеулер қызметінде 115 штаттық жұмыс орны қарастырылған және осы күні қаржы полициясының бұрынғы 30 қызметкері жұмысқа қабылданған.
«Департаментте осы күні 995 жұмыс орны бар, салықтық және кедендік қызметтер дәл сондай мөлшерде қысқартусыз бірікті», - деп қосты А.Ахметов.
Еске сала кетейік, мемлекеттік басқару реформасының аясында елде салықтық және кедендік қызметтерді біріктіру жолымен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Сонымен бірге, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күріс агенттігі таратылып, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу бойынша міндеттер ҚР ҚМ МКК-не тапсырылды.