Қарағанды облысында мереке күндері үш балықшы суға батып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Өткен 1 мамыр мерекесі күндері Қарағанды облысының су-тоғандарында екі қайғылы оқиға орын алып,
None
None

үш адам суға кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

«Осакаров ауданында 1 мамыр күні Қ.Сәтбаев атындағы каналда балық аулап жүрген кезінде 31 және 34 жастағы екі ер азамат суға батып кетті. Олардың біреуінің денесін судан «Қ.Сәтбаев атындағы канал» кәсіпорнының жұмысшылары алып шықты. Екіншісін денесін құтқарушылар бір тәуліктен кейін, 2 мамыр күні кешке жағалаудан 120 шақырымдай жерде, 6 метр тереңдіктен алып шықты», делінген департаменттің хабарламасында

Ведомствоның ақпараты бойынша, Бұқар жырау ауданының Мұстафин ауылының тұсындағы Нұра өзенінде осындай қайғылы оқиға орын алған. 2 мамыр күні балық аулап жүрген 71 жастағы қария суға батып кеткен. Оның денесін судан жергілікті балықшылар алып шықты.

Соңғы жаңалықтар