Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігін бұзған нысандардың жұмыстарын тоқтату туралы 13 шағым-арыз сотқа беруге әзірленді

ҚАРАҒАНДЫ.  Желтоқсанның    24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды  облысында  өрт қауіпсіздігін  бұзған нысандардың   жұмыстарын   тоқтату   туралы    13 шағым-арыз     сотқа беруге  әзірленді, 
None
None

деп   хабарлады   Қарағанды  облысы  Төтенше жағдайлар  департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның   ақпараты  бойынша, сондай-ақ    өрт қауіпсіздігі  нормалары мен ережелерін бұзғандары  үшін   75   лауазымды  тұлға әкімшілік жауапқа тартылып,    жеті    заңды тұлғаға  қатысты     хаттама толтырылды.

Ресейдің  Пермь  қаласында   түнгі клубтардың бірінде  орын  алған  қайғылы оқиғаға байланысты,    Қазақстан  Республикасының  Төтенше жағдайлар министрінің  тапсырмасы бойынша    ойын-сауық  мекемелерінің  өртке  қарсы   жағдайлары  жаппай  тексеріліп жатыр.  Балалардың  жаңажылдық  ертеңгіліктері  өткізілетін   нысандарды тексеруге     жіті  назар  аударылуда.

Департаменттің  баспасөз қызметінен  хабарлағандай, 2009   жылдың басынан бері  аймақта   адамдар көп  жиналатын    аурухана,   әлеуметтік  инфрақұрылым  нысандары,    балабақшалар,     мектептер,    мәдени нысандар, спорт кешендері  және  сауда үйлері  сияқты 1043   нысан   өрт-техникалық тексерулермен    қамтылды.   Сол тексерулердің    нәтижелері  бойынша,     өрт қауіпсіздігі мен нормаларын бұзғандары үшін   998    лауазымды  және жеке тұлға,   29 заңды тұлға  әкімшілік    жауапқа  тартылды.

Соңғы жаңалықтар