Қарағанды облысында өткен демалыс күндері 700 гектардан астам жер өртеніп кетті

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, тамыздың 21-інде Бұқар жырау ауданындағы Ақорын ауылдық округындағы «Жосалы» шипажайы жанында 350 гектар аумағында дала өртенді. Күндізгі үш кезінде басталған өртті тек келесі күннің талтүсі кезінде ғана ауыздықтауға мүмкіндік болды. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 26 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, сонымен қатар өртке қарсы ерікті құрылымдардың 155 адамы мен 29 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өткен сенбі күні осы аудандағы Корнеев ауылдық округіндегі 370 гектардағы аумақтағы дала мен 10 гектар жері бар орман алқабы отқа оранды, өртті ауыздықтауға бір жарым күндей уақыт кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 33 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, сонымен қатар өртке қарсы ерікті құрылымдардың 57 мүшесі мен 17 бірлік техникасы тартылды.