Қарағанды облысында өткен жылы шамамен 358 млрд. теңгенің тауары өткізілді
Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлады.
«Жедел мәліметтер бойынша 2011 жылдың 11 айында Қарағанды облысында жалпы мөлшердегі бөлшектеп сатылған тауар 357, 9 млрд. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12, 9 пайызға жоғары», - деп хабарлады статистика департаменті.
Статистика ведомствасының берген ақпараты бойынша сатылымның 65,7 пайызы жеке кәсіпкерлер мен базардағы сатушылардың үлесіне тиесілі. Олардың тауар айналысы 235, 2 млрд. теңгені құрады. Сауда мекемелері 122, 7 млрд. теңгеге бөлшектеп сатылған тауарды өткізді.
«Облыстың сауда айналымынан Қарағанды қаласына сауда көлемінің 272, 4 млрд. теңгесі немесе 76, 1 пайызы тиесілі. Теміртауда 33, 3 млрд. теңгеге (9, 3 пайыз), ал Жезқазғанда 17, 1 млрд. теңге сомасына (4, 8 пайыз) тауар өткізілді», - деп атап өтілген хабарламада.
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2011 жылдың 11 айында облыста көтерме сауданың көлемі 555,8 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға жоғары.
Көтерме сауда көлемінің 82 пайызы Қарағанды қаласына келеді (456,5 млрд. теңге). Теміртауға 8,8 пайыз (5,7 млрд. теңге) тиесілі болса, 5 пайыз (3,2 млрд. теңге) Жезқазғанның үлесінде.