Қарағанды облысында пара алды деп айыпталған колония қызметкері қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында пара алды деп айыпталған АК №159/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Дмитрий Ерохин қамауға алынды.
None
None

Бұл туралы қаржы полициясы облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменова мәлімдеді.

«Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің АК № 159/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Д. Ерохин осы мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың біріне жалпы қолдаушылық көрсеткені үшін Д. есімді азаматтан 75 мың теңге сомасында пара алды деген айыппен ұсталды. Бұған қатысты ҚР ҚК-нің 2 бөлімінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Г.Сүлейменова.

Тергеу мәліметі бойынша, колония қызметкеріне ақша көшеде жұмыс уақытынан тыс кезде берілген.

Сонымен қатар, шұғыл іздестіру шаралары барысында Д. Ерохиннің сотталған адамға ұялы телефон табыстағаны үшін пара алу фактісі де анықталды. «Қазіргі уақытта Д.Ерохинге пара алды деген айып тағылып, қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - деп хабарлады қаржы полициясы облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Қылмыстық іс тергелуде. Ведомствода тергеу мүдделеріне сілтеме жасап, оның мән-жайы хабарланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар