Қарағанды облысында полицейлер ауыл дүкеніне жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты

ҚАРАҒАНДЫ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды, екі күдікті азамат іздері суымай ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Топар кентінің полиция қызметіне дүкен сатушысынан қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бетперде киіп, қолдарына шолақ мылтық ұстаған екі ер адам сатушыны қорқытып, 17 мың теңге көлемінде ақша алып кеткен. Жедел-алдын алу шарасының барысында күдікті азаматтар анықталып, ұсталды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратынша, кенттің 18 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың бірі кәсіби лицейде оқыса, екіншісі ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.

«Айғақ дәлелдер - аңшылық мылтық, ұрланған ақша тәркіленді. Қарақшылық шабуыл жасау фактісімен ҚР ҚК-нің 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар