Қарағанды облысында полицейлер таксистке жасалған қарақшылық шабуылды ашты

ҚАРАҒАНДЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысында полицейлер таксистке жасалған қарақшылық шабуылды ашты.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Зардап шеккен 27 жасар жүргізушісі Шахтинск қаласының ІІБ 19 қыркүйекте сағат 04.00 кезінде арызданып келді. Қарағанды қаласының мейрамханаларының бірінің клиенті оны пышақпен қорқытып, өзін Шахтинск қаласына жеткізіп салуды талап еткен. Солтүстік-Батыс ауылы ауданында ол таксисті түсіріп тастап, оның көлігін ұрлап кетеді», - делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Полицияның хабарлауынша, күдікті азаматты шабуылдан кейін бір жарым сағаттан кейін ұстауға мүмкін болды. «Абай аудандық ІІБ қызметкерлері ұрланған көлікті Абай қаласында құрықтады. Көлік рөлінде Шет ауданының 24 жасар жұмыссыз тұрғыны болды», - делінген хабарламада.

Көлік зардап шеккен азаматқа қайтарылды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар