Қарағанды облысында прокурорлардың орын алмасуы болды

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Қарағанды облыстық прокуратурасында бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді.
None
None
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Әділет аға кеңесшісі Мұрат Әбіловтың қызметі ? облыс прокурорының орынбасарлығынан облыс прокурорының бірінші орынбасарлығына жоғарылатылды. Бұған дейін Ақмола облысы Көкшетау қаласының прокуратурасын басқарған әділет аға кеңесшісі Абай Мәженов Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды және осы прокуратура алқасының мүшелігіне бекітілді. Бұған дейін Ақтоғай ауданының прокуроры болып жұмыс істеген әділет кеңесшісі Хайрулла Айтбеков бұдан былай Абай ауданының прокуратурасын басқарады. Ақтоғай ауданының прокуроры болып бұған дейін Ұлытау ауданының прокуроры лауазымын атқарған әділет кеңесшісі Мұхтар Хамзин тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум