Қарағанды облысында ресейлік полициямен іздестіріліп жүрген Қырғызстан азаматы ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ресейлік полиция жалған көші-қон құжаттарын жасағаны үшін іздестіріліп жүрген Қырғызстанның 35 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Іздеу» республикалық жедел-алдын алу шарасының барысында Осакаров АІІБ-нің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясының Орехово-Зуево қаласының полицейлері жалған көші-қон құжаттарын жасағаны үшін іздестіріп жүрген Қырғыз Республикасының 35 жастағы азаматы ұсталды», - делінеді хабарламада.

Полицияның мәліметтерінше, ер адамға 2012 жылдың маусымында ол ешқайда кетпеу қолхатын бұзып, тергеу органдарынан жасырынғаннан кейін іздеу жарияланды.

Соңғы жаңалықтар