Қарағанды облысында шағын және орта бизнес өсімінің арқасында жалпы аймақтық өнім құрылымындағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың үлесі төмендеуде - аймақ басшысы

ҚАРАҒАНДЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шағын және орта бизнес (ШОБ) өсімінің арқасында жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) құрылымындағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың үлесі төмендеуде, деп мәлімдеді аймақ басшысы Әбілғазы Құсайынов.
None
None

«Жалпы аймақтық өнім 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығында 1,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл өте маңызды көрсеткіш бойынша аймақ республикада 4-ші орында. Бұл ретте жалпы аймақтық өнім құрылымындағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың үлесі 2006 жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнестің өсуіне байланысты 11,9 пайызға төмендеді», - деді бүгін Қарағанды облыстық мәслихатының Х сессиясында сөз сөйлеген Ә.Құсайынов.

Оның айтуынша, 1-ші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ШОБ-тің ЖАӨ-дегі үлесі 21 пайызды құрады. Салық түсімдерінде ШОБ-тің үлесі 34,6 пайызды құрайды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға көп.

«Яғни экономиканың әртараптандырылуы, шикізаттық емес сектордың өсуі орын алуда, облыстың шикізаттық базаға тәуелділігі төмендеуде», - деп атап өтті облыс әкімі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асқаннан бері жалпы сомасы 47 млрд. теңгеге 242 жоба мақұлданды, бұл 28 мың жұмыс орнын сақтап қалып, тағы 5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді», - деп еске салды ол.

«Өткен кезеңде 117 нысан салынды, соның ішінде 4 мектеп, 2 емхана және кардиорталық, инженерлік желілердің 150 шақырымы және жолдардың 12,3 шақырымы салынды. 7 жаңа кәсіпорын құрылды. 262 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді Ә.Құсайынов.

Бұдан басқа, билік өкілдерінің мәліметтерінше, 162 мектеп, 15 медициналық мекеме, 29 балабақша, 38 клуб және кітапхана жөндеуден өткізілді.

«Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың табысты іске асырылуы, жаңа қуаттылық енгізу 2015 жылға қарай 2011 жылмен салыстырғанда ЖАӨ-ді 15 пайызға өсіру мүмкіндігін береді, бұл ретте ЖАӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші 14 мың доллардан асады», - деп түйіндеді аймақ басшысы.

Облыстық мәслихаттың кезекті Х сессиясында депутаттар облыстың 2013-2015 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Сондай-ақ аймақтың 2011-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар