Қарағанды облысында ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілері 12,4%-ға артты және 91,1 мың дананы құрады, деп хабарлады экономика және қаржы басқармасының бастығы Ольга Чернявская ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындысына арналған отырыста.
None
None

Ол атап өткендей, өндірістік өнім көлемі 613,9 млрд теңгені, ФКИ - 110,8% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 44 млрд. теңгені көрсетті. Ал негізгі капиталға 158,8 млрд. теңге инвестицияланды.

«Жалпы, 162,7 мың шары метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Салық пен өзгеде міндетті төлемдер түсімі 105,5 млрд. теңгені құрады, ал шығын көлемі - 97,6 млрд. теңге болды», - деп хабарлады О.Чернявская.

Сонымен қатар, аймақтың сыртқы сауда айналымы 2 млрд 498,2 млн. долларды құрады.

Ал, тұтынушылар бағасының индексі ағымдағы жылдың маусым айында 101,8% көрсетті, санымен қатар азық-түлік тауары индексі - 101,4%, азық-түлік емес тауарлар - 100,9%, ақылы қызметтер - 102,9% болды, деп жазады strategy2050.kz.

Соңғы жаңалықтар