12:28, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында тағы да дала өрті болды
ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында тағы бір дала өрті болды, деп хабарлады қазанның 1-і күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бейсенбі, қыркүйектің 30-ы күні Нұра ауданындағы Бестамақ ауылының маңында 48 гектар аумақтағы дала жанып кеткен. «Сағат 14.50-де басталған өрт ерікті өрт сөндіру құрылымдарының арқасында сағат 18.30-да сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға 15 адам мен 5 техника жұмылдырылды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері Қарағанды облысында жүздеген табиғи өрт болып, 7 000 гектардан астам аумақ жанып кеткен.