14:05, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында тамыздың басынан бері 74 табиғи өрт пен шөптің өртену оқиғалары тіркелген
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында тамыз айының басынан бері бес ауданда, жалпы аумағы 3000 гектар жерді алған 74 табиғи өрт пен шөптің өртену оқиғалары тіркелген.

Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті, мемлекеттік өрт бақылау басқармасында айтылды.
Облыста табиғи өрттерді сөндіру бойынша жедел штаб құрылды, мемлекеттік өрт бақылау басқармасы жеке құрамының тәулік бойғы кезекшілігі жұмыс істейді, деп атап өткен ведомствоның баспасөз қызметі. Осындай штабтар қалалар мен аудандарда да құрылған.
Өрт қауіпсіздігі мег табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мәселелері жөнінде облыстық әкімдікте сәрсенбі, тамыздың 18-і күні, төтенше жағдайды ескерту мен оны жою бойынша облыстық комиссияның кеңесі де өтті.