14:01, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында техникалық университет ең көп оқу грантын алып отыр
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті тағайындалған грант саны бойынша аймақтағы жоғары оқу орындарының арасында көш бастап отыр.

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Конкурстың қорытындысы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне 895 мемлекеттік білім гранты тағайындалған, оның ішінде 313 гранттың иегері қазақ тілінде оқитын болады.
«Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті тағайындалған грант саны бойынша Қарағанды облысында тағы да бірінші орын және Қазақстанның техникалық оқу орындарының арасында екінші орын алып отыр. Ал республиканың барлық 144 оқу орнының ішінде ол сегізінші орында тұр», делінген университеттің баспасөз қызметінің баспасөз баянында.