Қарағанды облысында үш жол-көлік оқиғасында төрт адам қаза тауып, алтауы түрлі дене жарақаттарын алды
деп хабарлады дүйсенбі күні облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Ұлытау ауданында «Қызылорда-Павлодар» көлік жолының 550-інші шақырымында Түйемойнақ теміржол стансысы маңында қыркүйектің 26-сында «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, көлікті аударып алды. ЖКО нәтижесінде алған жарақаттарынан 31 жасар жүргізуші қаза тапты, ал оның жолаушысы түрлі жарақаттармен Жезқазған қаласының ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жексенбі күні осы секілді ЖКО Жаңаарқа ауданында «Жаңаарқа-Ақтау» көлік жолының Атасу ауылынан 70 шақырым жерде орын алды. Мұнда «Ауди» көлігінің жүргізушісі де рөлге ие бола алмай, көлікті жол сыртына аударып алды. Жүргізуші тіл тартпастан кетті. Екі жолаушы, 57 және 55 жастағы екі әйел Қаражал қаласының ауруханасына жеткізілді.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, Жаңаарқа ауданында сенбі күні тағы бір ЖКО апаты орын алды. «Қызылорда-Павлодар» жолында Атасу ауылынан 74 шақырым жерде «Опель-Вектра» мен «ГАЗ-24» көліктері соқтығысты. ЖКО нәтижесінде, «Опелдің» жүргізушісі мен оның 42 жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ауруханаға «ГАЗ-24» автокөлігінің 45 жасар жүргізушісі, оның жолаушылары, 73 жасар ер азамат пен 43 жасар әйел жеткізілді», - делінген облыстық ТЖД таратқан мәліметте.