Қарағанды облысында үздік ҮЕҰ марапатталды, үздік әлеуметтік жоба 200 мың теңгенің грантына ие болды

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда жұма күні өткен үкіметтік емес ұйымдардың дәстүрлі облыстық конференциясында үздік ҮЕҰ мен үздік әлеуметтік жоба таңдап алынып, оларға сыйлықтар тапсырылды.
None
None

Жыл ҮЕҰ болып Жезқазған аймағының орта медициналық қызметкерлерінің «Мейірім» бірлестігі танылды. Ол ұйымдастырушылық техниканың топтамасына ие болды. «Үздік әлеуметтік жоба» аталымы бойынша «Жаңаарқаның іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Оның қоғамның бірігуі, ұлтаралық келісім мен отбасылық дәстүрді дамытуға бағытталған «Шапағатты шаңырақ» отбасы фестивалі» жобасы «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» қауымдастығының 200 мың теңгелік грантына ие болды.

«Бүгін ҮЕҰ қоғам алдында беделді. Сіздерді халық таниды, өйткені сіздер олармен тығыз байланыста жұмыс жасайсыздар», - деп атап өтті конференцияда сөйлеген сөзінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев. Билік пен үкіметтік емес сектордың әріптестік байланыстары одан әрі жалғасып, беки түседі, деп сендірді ол.

Соңғы жаңалықтар