15:35, 07 Мамыр 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай ұялы телефон компаниясы «Жауынгер досыңа қоңырау шал» атты акция жариялады
ҚАРАҒАНДЫ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай «КаР-Тел» ЖШС (Beeline бренды) «Жауынгер досыңа қоңырау шал» атты акция жариялады.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған әлеуметтік акция дәстгүрге айналған. Ағымдағы жылы бұл іс-шара осымен алтыншы рет өткізілгелі отыр. Ардагерлер 8 және 9 мамыр күндері әлемнің кез келген нүктесінде тұратын майдандас досына тегін қоңырау шалып, Жеңіс күнімен құттықтай алады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Акция Қарағанды, сондай-ақ Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы екі кеңседе сатылып, қызмет көрсетілетін болады.