Қарағанды облысында жер қойнауын пайдалануда инвесторлар тартуға орасан мүмкіндік бар, өйткені, кен орындарының елеулі бөлігі әлі игерілмеген

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімдігінде аймақ басшысы Серік Ахметов пен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Болат Өжкеновтің қатысуымен сәрсенбі, қыркүйектің 8-інде аймақтың минералдық-шикізат қорын дамыту және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты мәселелер талқыланған кеңес болып өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Облыс әкімі кеңесті аша келіп, биылғы жылдың басында ел Президентінің мемлекеттік уәкілетті органдарға жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісім-шарттарды талдап, талаптары орындалмай жатқан кен орындарын мемлекетке қайтаруға байланысты шаралар қабылдауды тапсырғанын еске салып өтті.

- Аймағымыз республикада минералдық шикізат қоры мен оның негізгі түрлерін өндіру бойынша алдыңғы орындардың бірінде екендігін ескеретін болсақ, біз жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық мәселелерді өте мұқият, ең бастысы, жүйелі түрде пысықтап шығуымыз қажет, - деді Серік Ахметов.

Қарағанды облысының минералдық-шикізат базасын дамытудың жай-күйі мен келешегі туралы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық департаментінің басшысы Берікбол Хамзин баяндап берді.

Ол аймақта мемлекеттік баланста 396 кен орнының, оның 103-і металл пайдалы қазбалары бойынша, көмір бойынша - 96, кенді емес шикізат және құрылыс материалдары бойынша -187 кеніші бар екендігін хабарлады. Қалған кен орындарында түсті тастар өндіріледі. Сонымен қатар жерасты суларының 102 және минералдық сулардың 5 орны есепке алынған.

Сонымен қатар Серік Ахметов кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жер қойнауын пайдаланушылардың жасаған келісім-шарттары бойынша барлық инвестициялық және әлеуметтік, сондай-ақ қазақстандық үлесті дамыту бойынша алған барлық міндеттемелерін орындауын тұрақты түрде қадағалап отыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар